Ақсай қаласы

 

Бөрлі ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 3 қарашадағы №822

«Бөрлі ауданының шалғайдағы

елді мекендерінде тұратын балаларды

жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың

схемалары мен қағидаларын бекіту туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы №822 «Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4165 тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 4 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақсай қаласы әкімінің аппараты», «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі», «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3.Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д. Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа жүктелсін.

 

Аудан әкімі                                                 С.Әлиев