Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстык-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде №13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес,  аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншігіне қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квота белгіленсін:

осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бөрлі ауданының ұйымдары жұмыскерлерінің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде;

осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бөрлі ауданының ұйымдары жұмыскерлерінің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде;

осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Бөрлі ауданының ұйымдары жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде.

2.Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы №486 «Бөрлі ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4533 тіркелген, 2016 жылғы 7 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа  жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                       Аудан әкімі                                             С.Әлиев

 

  

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___»  _______
№ ___қаулысына

1 қосымша

 

2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

(адам)

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан % )

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындардың саны (бірлік)

1

Шаруашылық жүргізу құқығында Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

 312

2

6

 

Барлығы

312

 

6

 

Бөрлі ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «___»  ____
№ ___қаулысына

2 қосымша

 

2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

(адам)

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан % )

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындардың саны(бірлік)

1

Шаруашылық жүргізу құқығында Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 

 312

2

6

 

 

Барлығы

312

 

6

 

 

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «___»  ____
№ ___қаулысына

3 қосымша

 

2019 жылға кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Жұмыс-керлердің тізімдік саны

(адам)

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан % )

Кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар

үшін жұмыс орындардың саны (бірлік)

1

«Казбургаз» акционерлік қоғамы

400

1

4

2

«Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

1

1

3

Шаруашылық жүргізу құқығында Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 

 312

1

3

 

782

 

 8

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 21.12.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5453 болып енгізілді