Ақсай қаласы

 

 

 

2019 жылға егіс жұмыстардың

басталуы мен аяқталуының

оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Бексеитов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Аудан әкімдігінің «2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» 2018 жылғы 14 мамырдағы №12 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

         5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тукжановқа жүктелсін.

         6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                  С.Әлиев

 

 

 

 

                                                              Бөрлі ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «__» _____№ ___                                                                                                                  

                                                        қаулысына қосымша  

 

 

 

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға

егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

 

Өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдер

3  құрғақ дала аймағы

 

басталуы

 

аяқталуы

1.

Жаздық арпа

25 сәуір

 

5 мамыр

 

2.

Сұлы

25 сәуір

 

5 мамыр

 

3.

Жаздық бидай

5 мамыр

 

15 мамыр

 

4.

Тары

10 мамыр

 

20 мамыр

 

5.

Күнбағыс

5 мамыр

15 мамыр

 

6.

Мақсары

5 мамыр

 

15 мамыр

 

7.

Күздік бидай

 

15 тамыз

10 қыркүйек