Бөрлі ауданы бойынша нақты жобалау жоспарлары туралы ақпарат

Елдімекен атауы

НЖЖ атауы

Ақсай

«Қарашығанақ-1» шағынауданы

Ақсай

Оңтүстік бөлігі

Ақсай

Аралтал

Ақсай

Кызылтал

Ақсай

Тұрғын ауданы-1

Ақсай

Тұрғын ауданы -2

Бөрлі а/о

Бөрлі ауылы

Пугачев а/о

Пугачев ауылы

Жарсуат а/о

Жарсуат ауылы


 

Бөрлі ауданы бойынша бөлінген жер учаскелері туралы ақпарат

Жыл

ШҚ –на бөлінген жер учаскелерінің саны

КПО б.в. ЖТАҚ –на бөлінген жер учаскелерінің саны 

Коммерциялық бағыттағы бөлінген жер учаскелерінің саны

Жеке тұрғын үй салу үшін бөлінген жер учаскелерінің саны

Барлығы жалпы көлемі, га

2014 жыл

25

14

16

15

23 942, 7012 га

2015 жыл

52

66

15

18

66 867,751   га

2016 жыл

84

30

21

11

60 516, 2857 га

 

Барлығы

 

161

 

110

 

52

 

44

 

151 326,7379 га

 


Ақсай қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына  берілген жер учаскелері туралы ақпарат

Ақсай қаласы

2014ж

2015ж

2016ж

-

-

-

 

Ақсай қаласы бойынша коммерциялық бағыттағы берілген жер учаскелері туралы ақпарат

 

Ақсай қаласы

2014 ж

2015ж

2016ж

Жеке түлға

Заңды тұлға

Жеке түлға

Заңды тұлға

Жеке түлға

Заңды тұлға

25

6

32

15

42

20

 


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат 

Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында, Жер кодексіне келесі нормалар қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады:

1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;
2.  Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;
3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;
4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау.
Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.

Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады.
Конкурстың жеңімпазын анықтайтын конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының  50 % астамын құрайды.

Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын,келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін  «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және  әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.

Бұдан басқа, Заң жобасымен Мемлекеттік шекараның  шекара белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған, онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.

Ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеу проблемасын шешу үшін заң жобасымен елді мекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады.

Бұдан басқа, заң жобасымен жер комиссисының статусын анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексінің нормаларын жетілдіру қарастырылады.

Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жол ашатын болады.

Скачать: Проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования земельных отношений»



Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com