25 жыл

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Березов ауылдық округінде «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және кітап көрмесі ұйымдастырылып, ауылдық кітапхана қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Кітапханашы Г.Туртбаева слайд-шоу көрсетіп, кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу жасады.

Еліміздің 25-жылдық мерейтойына байланысты Ақсу ауылдық округінде «Поэзия падишасы – Мұқағали» атты поэзия кеші өтті. Шараға мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысып, әйгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, өнерлерін паш етті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай Ақсу ауылдық округінде «Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ» атты дөңгелек үстел өтіп, оған әкім аппараты қызметкерлері, ауыл жастары, мұғалімдер, мәдениет үйінің қызметкерлері, мен 5-8 сынып оқушылары қатысып, еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы айтып, ойларын ортаға салды.

Ақбұлақ ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелісіздігінің 25 жылдығына орай іс - шара«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» кітап көрмесі ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары қатысып, 25 жылда елімізде болған өзгерістер туралы мағлұмат алды.

Еліміздің 25-жылдық мерейтойының аясында Ақбұлақ ауылдық округінде «Тәуелсіз елім-тірегім» атты шара өткізілді. Шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасы туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, еліміз туралы тағы да қосымша мағлұмат алды. Шараға 27 оқушы, 4 мұғалім, 1 ата-ана белсенді қатысты.